Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Жанталас» повествует о борьбе Казахстана с иноземными захватчиками в XVII-XVIII веках и о завоевании Абулхаир-ханом западной части Казахстана Российской империи. В книге упомянуто вероломное нашествие Калмыцкого ханства на народ Казахстана, описаны бои под Алаколом, в районе Ордабасы, личные переживания Абулхаира, который попал под власть Российской империи.

Кочевники II. Борьба / Көшпенділер ІІ. Жанталас - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір кезде осы білгір жырау Абылайды Россиямен қол ұстаспақшысың деп айыптаған. Соңынан, бүл одақтасу — қазақ даласын шүршіттен аман алып қалуға керек екеніне көзі жетіп, Абылайға бұрынғысынан да жақындай түскен. Енді оны бүкіл қазақ елінің басын қоса алар бірден-бір ханы санаған. Бірақ, ойлаған мақсатына жету үшін қандай қатыгездікке де болса дайын ханның кейбір қылығы кейінгі кезде Бұқарды шошытып, Абылайдан іргесін аулақ сала бастап еді. Кеше ғана Абылай бұрынғыларынан да сорақы, жан шошырлық қылмыс істеді. Ханға бағынғысы келмеген Қоңыраттың бес басты адамын ат құйрығына байлатып, айуандықпен өлтірді. Бұл қылмысты хан ауылдан аулақ жерде жасырын істеткенмен, жырау біліп қалған. Ашулы жырауды әлі де болса өз ордасына ұстамақ боп, Абылай оның алдына өз жылқысынан айдатып әкеп атақты боз айғырдың үйірінен бір жүйрігін сыйға тартқан. Мүмкін, сол сыйлығы теріс кетпеген болар, мінеки, үніне үш жүздің баласы тегіс құлақ салған Бұқар жырау қасында бір топ адамы бар, хан ордасына қарай келе жатыр...

Бірақ қырағы көз Абылай, Бұқар жыраудың астында өзінің бәз-баяғы топай торысы екенін анадайдан-ақ көрді. Бұл хан тартуына илікпеудің белгісі еді. Әдетте жырау ауылдың ту сыртынан домбырасын тартып, ел көңілін көтеретін коп толғауының бірін айта келуші еді. Бұ жолы оның бірі де жоқ. Таяу кеп, даяшы жігіттердің көмегімен аттан түсті де жақындай беріп ханға басын иді.

— Арсың ба, Абылай хан!

— Барсың ба, жырауым. Жолыңыз оң болсын!

— Бүкіл дала жылаған жұрттың көз жасыменен саз балшыққа айналыпты... Ат тұяғын әзер алып келді, алдияр!

— Ханға қарсы шыққан бүлікшілер өз жазасын алуға тиіс.

— Бүйте берсең, көп кешікпей, саған бүкіл қазақ даласы қарсы болып көрінер, хан ием...

Менің орнымда өзің болсаң не істер едің, әулием?!

Ата мекен жерінен су шығып па бұл жұрттың? Ең болмаса соны сұрамайсың ба, алдияр? Шетінеген хандықты қан төгумен желімдей алмайсың, Абылай.

— Астыңдағы атың жүрдек болса, қамшылаудың қажеті болмас еді... Тоз-тозы шыққан тобырдың басын қоса алмай-ақ өтетін шығармыз бұл дүниеден!

— Ханда қырық кісінің ақылы болмаушы ма еді?

— Бұл жұрт әзәзілдің тіліне еріп, жат елге Көшпекші... Аруанадай азынап, апшымды қуыра бергенше, ақылың болса айтсаңшы, жырауым.

Он екі қанат ақ ордада кешке таман хан кеңесі басталды. Бұл шаққа дейін жағдай әбден анықталған-ды. Жан-жаққа жіберілген барлаушылар тегіс оралған. Қоқан ханы қытай боғдыханына елші жіберіп, әскерінің негізгі бөлегін қазақ даласына қарай аттандырғаны белгілі болды. Әрине, мұны Қоқанның жас ханы шүршіттердің ақылынсыз істемегені де мәлім еді.

Қоқан әскері қазақ жасақтарынан анағұрлым көп. Бірақ сапа жағынан Абылайдың атты сарбаздарынан көш төмен. Оның үстіне бұлардың ішінде өз бауырларына қарсы соғысқысы келмейтін қазақ жауынгерлері де бар.

Хан кеңесі Бөкей, Сағыр, Жабай басқарған Ұлы жүздің қолдары Қоқан әскерін Бадам мен Арыс өзендерінің бойында қарсы алсын деп шешті. Алғашқы айқастан кейін әскер кейін шегініп, Қоқан қолын өзімен бірге қазақ даласына қарай ерте беруге тиісті. Бұл кезде Елшібек сарбаздарымен толықтырылған Абылайдың өз гвардиясы Сауранды орағыта Ташкентке барып тимек. Қысқасы, Қоқан ханы қазақ жерін аламын деп жүргенде, қазақ әскері оның өз үйінде бүлік шығармақ. Ал Ташкентті қорғап, Абылай мен Елшібекке қарсы тұра алар сол тұстағы Шанышқылы мен Қаңлы руларын қазақ жағына шығару үшін, бір топ ақсақалмен Бұқар жырау аттансын делінді.

Абылай сауытын киюге ордаға кірді.

Қыз әлі кетпеген екен. Абылай оның жүзін қара көлеңке үй ішінде жөндеп көрмеген-ді. Енді сұқтанып қалды. Қыздың сұлулығы соншалық, оны қиып тастап кетудің өзі де қиын еді. Қыздың аты хан аузына өзінен-өзі түсті.

— Сұршақыз, — деді Абылай, — айттырып қойған жерің бар ма еді?

Қыз ұзын кірпіктерін жоғары көтеріп, сопақтау келген үлкен көздерімен ханға жаудырап қарады.

— Үш жүздің ханына оның қандай бөгеті бар?

Қыз сөзі Абылайға тағы ұнады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий