Knigionline.co » Казахские книги » Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов

Книга «Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.

Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ойлап қарасам Баукеңнің Куба сапарынан тек әскери адамдарға ғана тән тактикалық толғаныстар танылады. Оның Бостандық аралы Кубаға баруының өзі тұтқиыл. Әрине, Куба елінде өзінің атақты екенін Баукең білмеді емес, білді. Бас қаһарманы боп табылатын А. Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы Кубада испан тіліне аударылып, атыс позициясының басында пулеметшілерге оқпен қоса үлестірілгені, ол кітапты Куба жастары, елдің интеллигенциясы жақсы білетіні, тіпті ол кітап Куба революциясының көсемі Фидель Кастроның күнбе-күн оқитын сүйікті кітаптарының бірі екені баспасөз бетінен Баукеңе жақсы таныс болатын. Тіпті ол сол кезде Совет Армиясы Саяси Бас басқармасының бастығы армия генералы Епишевке ГДР-дан келген мынандай хатты да білетін:

«Аса құрметті жолдас армия генералы!

Осы айда Ұлттық Халық армиясының барлық қызметкерлері саяси сабақ ретінде Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын міндетті түрде оқып тауысуға тиіс еді.

Империалистік агрессорлар қару жұмсай қалған жағдайда біздің солдаттарымыз өз міндеттерін осы тамаша кітапта суреттелген Ұлы Отан соғысы кезіндегі жағдайдай нақты білуі үшін бұл кітап жайында барлық топтарда семинарлар мен әңгімелер өткізіледі.

Осыған байланысты мен Сізден Александр Бек жолдасқа, Бауыржан Момышұлы жолдасқа, осы кітаптың тірі қалған тағы бірер қаһарманына бізге келіп, Ұлттық Халық армиясы қызметкерлерінің Ұлы Отан соғысының сабақтары жайында әңгімелеріне қатысуға менің шын жүректен шақыруымды жеткізуіңізді өтінемін.

Социалистік сәлеммен адмирал Фернер».

Берлинге Бек кетті де, Бауыржан бармай қалды. Оның есесіне ол ешбір нөкерсіз, шақырусыз, ешкімге хабар салмастан мұхиттың ар жағындағы алыс Кубаға жападан-жалғыз тартты да кетті. Шетел тұрғай, шеткері ауданға баруға да жүрексінесің. Өзіңді тани ма, танымай ма, қалай қарсы алады деп қауіптенесің. Ал, алшаңдап Алматыда жүрген Баукең аяқ астынан аспанға самғай көтеріліп, 1963 жылғы ноябрьдің бесінде сонау Гавана аэропортынан бір-ақ шығады. Орны самолеттің алдыңғы жағында болғандықтан, ол ең соңда шығушылардың бірі болады. Гавананың шілдедей шыжып тұрған шағы болса керек. Костюмінің ішінен түйе жүн жемпір, сыртынан макинтош киген, басында жылы сусар бөркі бар Баукең самолет есігіне қарай аяңдайды. Сонда серіктерінің бірі:

— Қап, бағана самолет ішінде шешініп, жеңіл киініп алмаған екенсіз. Мына жер жанып тұр ғой, — дейді.

— Оқасы жоқ, ата-бабам жазғы шілдеде қабат-қабат тон киген қазақ емеспін бе, — деп жауап берді Баукең.

Трапқа табаны тиісімен Баукең оң қолын жоғары көтеріп, аэропорт басына жиналған жұртқа ізет білдіреді. Содан кейін:

— Сәлем саған, қаһарман Куба! — деп қазақ тілінде саңқ етіп үн қатып, қолын қылыштай бір сермеп тастайды.

Киген киімі, келбет-бейнесі, саңқ еткен үні аэродром басына жиналған жұрттың назарын бірден аударады. Аэровокзалда Совет Одағынан келген туристердің документтерін тексеріп отырған үш әскери адам Момышұлын танып, орындарынан тұрып, ізет білдіреді.

— Компаньеро Коронел — жолдас полковник Момышұлы, біз Сіздің жайыңызды кітаптан оқып білгенбіз, жауынгерлік істеріңізге әбден қанықпыз, — дейді.

Сөйтіп, Кубаға келген көп туристер ішінен жалғыз Момышұлы ғана танымал болып шығады.

Міне, әскери тактика тәріздес осы қылық, жүріс-тұрыстан мен мұндалап тұрған Бауыржан характері танылады. Ол характер Кубаның ол кездегі Қарулы күштер министрі Рауль Кастро Руспен кездесу кезіндегі әзіл-қалжың түріндегі сайыстарда одан сайын айқындала түседі. Ол тұстарда оқушы: апырай, Баукең бірдеңені бүлдіріп алмаса жарар еді деп іштей сасқалақтап та отырады. Бірақ санасы биік, саясатта салиқалы Баукеңнің өршеленген сайын өрісі кеңейе береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий