Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ішін жөндеген, жағалай кестелі тұс киіз ұстап, кілем төсеген, безеген, оңаша отау үй. Лық толған қыз-келіншек пен бозбала. Біз Байсейіт пен Ғалымжан және бес-алты ел жігіттері — бәріміз отауға кіріп келдік. Бізді күтіп жатыр. Жоғары, араластырып отырғызды. Жұрт отауда дөңгелек айналып отыр. Бізге таяу, бізге қарсы бір әнші старшын мен тағы да сондай бес-алты бастық жігіттер келіп отырды. Біраздан соң болыс пен бес-алты ірі кісілер де келіп, төрге шығып отырды. Болыс пен біраз ғана ірі кісілерден басқа жігіттер мен қыз-келіншек араласып отыр. Байсейіт, Ғалымжан үшеумізді де бірыңғай қатар, қыздардың араларына отырғызған. Жағалай қымыз беріп жатыр. Қымыз ішіп болғанға қарамай-ақ жұрт дуылдасып ойнап отыр. Қыз-келіншектер барын киген. Қозғалса, шаштарына таққан күміс шолпылары, білезіктері сылдырайды. Жібек киімдері көлдің қозғалған көк құрағындай судырлайды. Бәрі де әдеппен сызылып, қасындағы жігіттермен аңдысып сөйлесіп отыр. Күні бойы қымыз ішкен жұрт тағы да қымыз ішкен соң тегіс қызып алды. Екі-үш жерде шам жанулы. Отау лық толған. Отау сықырлайды. Болмай кіріп кеткен бала-шағаларды шығарып, есік жақта екі-үш жігіт жүр. Әнші старшын жігіт біздің қарсы алдымызда домбыраны безеп, сыңқылдатып шертіп отыр. Отырған жанның бәрі де тіпті ішпей мас. Қоп-қою сары уыз қымыз. Көкпеңбек болып жайнаған жаз. Жаздың барқыттай жұмсақ кеші. Неше түрлі кілем, тұс киіз, перде ұстап безеген отау. Арқаның жұтынған, мөлдіреген сұлулары. Бәрі қосылғанда кімді мас қылмас, кімді балқытпас. Түрлі ойын ойналып жатыр. Ойынның бәрінің де шарты өлең мен ән болып шығып жатыр. Домбыра қолдан-қолға көшеді. Әнді бір жігіттен бір жігіт асырып салады. Бір қыздан бір қыз асырып салады. Жеке-жеке де салады. Екі-екіден қосылып та салады. Неше түрлі құбылған, бұралған, кестелі, өрнекті сұлу ән естіледі. Неше түрлі өлең естіледі. Ғалымжан екеуміздің арамыздағы қыз жеке ән салды. Тағы бір қызбен қосылып салды.

Бір кезде Байсейіт екеуміздің арамыздағы қыз ән салды. Бұл бір — орта бойлы, қара торы жастау қыз. Жасы не он бес, не он алтыда, көп болса он алты, он жетіде. Бұған ән салатын кезек келгенде отырған жұрт тына қалды.

Кейбір бастық жігіттер:

— Қабиба домбырамен айтсын, домбырамен! — деді. Өзге қыздар домбырамен айтқан жоқ еді.

— Бұл бала домбырамен айтушы ма еді? — дедім.

— Иә, иә, домбырамен айтатын бала, — десті.

Қабиба домбыраны алды. Дуылдап отырған жұрт теп-тегіс тынған. Домбыраны алып, жөнделіп, қозғалып отырды. Мен де қозғалып, Қабибаның орнын кеңіттім.

Қабиба маған қарап жымиып:

— Отыра беріңіз бұрынғыңыздай, — деді.

— Қане, қане, шырағым, бөгелме, ана қасыңда отырған сый балалар лебізіңді естісін!.. — десті.

Қабиба домбыраны дыңылдатып бұрап, күйге келтіріп, әдемі сүйріктей саусақтарымен пернелерді сыдыртып, желдіртіп домбыраны қағып-қағып жіберді.

— Е, шырағым!.. — деп болыспен қатар отырған үлкендер қозғалып қойды.

Кеудесін қозғап, ілгері керіңкіреп тастап, Қабиба домбырамен бірге шырқап қоя берді.

Үйдегі лық толған жұрт тым-тырыс. Барлық жұрттың көзі Қабибада. Сылдыраған әдемі дауыспен Қабиба шырқады. Әнінің, дауыстың ырғағына ертіп, домбыраны да шырқатты... Жаз күні жырлаған бозторғай шырқап-шырқап, мың құбылтып даусын құйқылжытып, көкке қарай өрлейді. Қалтыраған, сылдыраған дауыспен бірге қанаттарын қалтыратып қағып, биік шарыққа көтеріледі. Бір уақытта төңкеріліп, ұйтқып, құйқылжыған дауыспен төмен түседі. Бір уақытта шарқ ұрып серпілген дауыспен қайта көкке шығады. Көкте жүріп шыр көбелек айналып, тағы мың құбылтып жырлайды. Бір уақытта дөңгеленіп тұра қалып, бір ноқатқа қадалып, қанаттарын қалтыратып, әдемі, зарлы сұлу дауыспен жырды үзілтіп-үзілтіп, түйдек-түйдек тізбектейді. Сөйтіп, бозторғай мың құбылтып жырлайды...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий