Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин
-
Название:Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:242
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».
Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги
«Шұбыра» деген — қалың, жиі, сулы томар. Томардың іші, айналасы, маңы — жайқалған көк шалғын. Ұшы-қиыры жоқ тәрізді, ылғи белес. Әр белестің асты ойпаң томар. Маңайда көрінген тау да жоқ, орман да жоқ, адыр да жоқ, жалғыз-ақ белес-белес пен көк иір қалың томар. Шұбыраның қалың ел отырған жерінде кішкене өзенсымақ бар. Белес те, томар да, жай ойпаң жер де — бәрі де көгал. Бәріне де тұтас жасыл кілем жайғандай. Жасыл кілемге түрлі жібекпен кестелеп түр салғандай. Жаздың басы. Жаздың тамылжып тұрған жас уақыты. Суы молырақ томардың басында, өзен өлкесіне жағалай, айнала жайылып тізіліп отырған қалың ел. Бізге оңаша, бір томардың басына үй тікті. Болыс, старшын, тілмаш өздеріне де бізбен қатар бір үй тікті. Көк шалғынға тіккен үйлерге төсеніш керек те емес. Сонда да көк шалғын үстіне кілем төседі. Үйге қазақша дөңгелек аласа үстелдерді әкеліп орнатты. Тіккен үйге кіріп, қағаздарымызды жайып тастап, жиналған жұрттан санақ ала бастадық.
Он екі болыс елдің бір шеті мен бір шеті мың шақырымдай.
Бұл ел — бай. Бай ел күйлі. Қымыздың мол уақыты. Қазақ ұйқысы қанып тұрғаннан кешке шейін мең-зең, алқа-салқа болып қыдырып қымыз аулауда.
Жұрттың көбі жұмыссыз болса да санақ алған жерден шықпайды. Сылқылдаған босбелбеу, арамтамақ, буына семірген бұқалардай мырзалардың баққаны күнде кешке ойын, күлкі, сауық, қызойнақ, ән салу, өлең айту. Жақсы әнші, домбырашылар көп. Бас қосып жиналса, күжілдеп-куілдеп, сылқ-сылқ күліп, бірін-бірі сықақ қылғаннан басқа жұмыстары жоқ. Болыстың, старшынның, билердің бәрі — жуан, дүмді мырзалар. Жиналып отырып сөйлескендеріне қарап отырсаң, бәрі де көкке тойып топтанып, топырақ шашып, күжілдеген бұқалар тәрізді. Маңқиған семіз өгіздер тәрізді. Жалғыз-ақ ертеден кешке шейін қыбырлап, күнге күйіп қап-қара болып, маңдайларынан тері шып-шып шығып, пысынап, байдың жұмысын қылып малайлар жүреді, малшылар жүреді. Күн ыстықта қап-қара болып түтігіп, мал бағатын да малайлар, күнге шыжып шыбындаған асау биелермен арпалысып сауын сауып, қымыз жасайтын да малайлар. Жапан түзді қыдырып, еріндері кезеріп, тезек теріп әкеліп, от жағып, ас пісіретін де малайлар. Өзінің қолымен жасаған ісінің рахатын көре алмайтын да жалғыз-ақ сол малайлар.
Қазақ малын жасырады. Жасырмайтын қазақ кемде-кем.
Шұбырадағы елдің санағын алып болдық. Енді жүрмекпіз. Бірақ ешкім асықпайды. Біз де асықпаймыз. Шұбырадағы елді қиып тастап кеткіміз келмейді. Бұл елден шыққан соң, баратын еліміз алыс. Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн жатуымызды сұраған соң, бір-екі күнге тоқтадық. Қара сабаның жанды құмар қылатын тәтті иісі аңқыған сары қымызы. Бағлан тоқтының еті. Таза ауа, көкорай шалғын, сыңсыған бай бейбіт ел кімді айналдырмайды.
Күн төмен түскен уақыт еді. Күннің денеге жібек торғындай ыстық лебі қайтып, жер де, аспан да көк торғындай еді. Жер-дүние тып-тыныш. Сол кезде барлық жаратылыс жаздың жұпарына мас болып манаурап тұрған тәрізді. Жер-дүние тып-тыныш. Шұбырадағы сыңсып отырған ел де тып-тыныш. Белеске шығып қарасаң, төңірек қаптаған мал, бырдай болып тізілген ел...