Knigionline.co » Казахские книги » Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

В отместку за гибель младшего брата, Бактыгуль Тектигул крадет у богатого Салмена, виноватого в гибели, лошадь. Узнав об этом Салмен избивает Бактыгула, тогда Бактыгуль обращается за помощью к Жарасбаю. Он ему не помог, не выдержав, Бактыгуль убивает Жарасбая…

Событие Караш-Караш / Қараш-қараш оқиғасы - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бай ауылдың үйі мен түзіндегі мал мен қора қыстау, қала-дала дейтін сандала шаруасын кезегінде басқарып, керегінде тынбай жүріп, қолма-қол істеп, дөңгелек айналдырды. Өзгені қойып, ауыл шаруасының өнеріне жетік деп танылған Қайранбай ақсақал да Бақтығұлдың барлық ісіне үнемі тамашалап сүйсініп жүр.

– Шаруаның қара қыртысын айналдырады. Есепке де мығым. Өз қолымен істей бастағанда малшы-қосшыны қыздыра еліктіріп, қай жұмысты болсын еңсеріп-жапырып кетеді. Сорлы, тек құдай қырын алғандықтан, кедей болып жүрген ғой. Әйтпесе мынадай өнері бар жігітке кедейлік жолар қисын жоқ, -деп мақтайды.

Аз заманның ішінде-ақ ауылдың ең сенімді ақылшысы сияқтанып, болысқа, бәйбішеге, көрші-қолаңға да өзін елеулі, сөзін салмақты кісі қып алды. Әр-берен соң тек шаруа ғана емес, бұл ауылдың ел ішіндегі біреумен жақын, біреумен сыйлас құда, дос қатынасында да ақыл қосып жүретін сенім тапты.

Қостап шығатын жылқы, отарлап жайылатын қой, көктемде салынатын егін, күзгі орылатын пішен, анда-санда шығарылатын қалашы, қыс малды ірге аударып салатын шүйгін шөп, соны жер, жұт жалаңнан аман етер қүйқалы өңір – бәр-бәрін ерте бастан Бақтығұл біледі. Күні бұрын қамдал дайындайтын, "әр ісін мезгілімен көңілдегідей орнына келтіретін Бақтығұл" атанды. Қай шаруаға қарай ауысса, сол жұмыстың дәл өзінің басында жүрген егінші, қалашы, жылқышы сияқты адамдардың бәрінен Бақтығұлдың есепшілігі сонағұрлым артық шығады. ;

Осындай істер соңында жүріп, кейде Бақтығұл өзін-өзі танымай қалғандай болады. Үздіксіз үртіс жұмыс өзін қайта тудырып жібергендей. Оның бұл жүрістерінің көбі болыс аулының қара шаруасы болатын. Соның әредігінде болыстікімен қатар, істей-жайғай кетуге Бақтығұлдың өз шаруасына да қолы мол тиіп жүрді. Қала-далаға жиі қатынасып жүргенде, тері-терсек, ол-пұлды ала жүріп, ауыл арасында сатып, саудалайтын уақыттары да болды. Егін салғанда Жарасбайдан азын-аулақ көмек алып, жылдағыдай үш-төрт есе артық қып жер айдады.

Қыстыгүні соғымы, ұн-шайы үй ішіне жетерлік болды. Кесікті ақы бермесе де, болыс аулының азды-көпті көмегі Бақтығұлдың бар еңбегіне орай төлеу болмаса да, Бақтығұлға жақсы сеп болды. Анда-санда болыс аулына барып жүріп, бәйбішенің тапсырған жұмыстарын орындай жүріп, Қатша да үстін бүтіндеп алуға айналды. Өзінен артқанын, ескі-құсқы болса да, балаларына киім-лыпа ғып, олардың да үстін бүтіндеп алды. Бұлардың бәрінен бұрын жұбаныш қып айтатыны да, сүйсінетіні де – Сейіт жайы. Кәзір ол болыс аулындағы молдадан оқитын болған.

Молда деп қазақ аулы ескі әдетпен атайды. Анығында мұндағы оқытушы – орысша оқыған адам. Жас қазақ оқытушы Жүніс дейтін азамат Жанғазымен бірге болыстың бір-екі баласын қыс бойы болыс аулында тұрып оқытатын болған. Бақтығұлға болыс: "баламды берем десең, әкеліп осында оқуға бер" деген соң, әкесі Сейітті Жүніске оқуға берген.

Бала алғаш рет "болыстікіне барасың, оқу оқисың" дегенде, қуаныш білдірді. Сол күні түнімен ұйықтай алмай, елегізіп шықты. Кішкентайынан жоқшылықтың ауыр күйін сезіп те, кешіп те жүрген сезімтал бала өз ішінде ойшыл болатын. "Оқысаң – адам боласың" деген сездерді естігенде, бар ынтасымен талпынып,асыққан ықылас білдірді. Сөйтіп бала қыс бойы орысша оқуды оқып та шықты. Жақсы оқыды. Зейін-талабы оқытушыны да, ауылды да ырза етті.

Бақтығұлдың көңлін, күйін жайлап, бес-алты бөлтек егіні де жайқалып, мол боп шықты. Биылғы жазда болыстың аулына жалғыз үйін көшіріп әкеп қосып, бай аулымен бірге тау сыртындағы әдемі жайлауга шығып, жаздың жақсы шырай, жасыл шалғынында мол қымыздың қызығына қана жүрді. Жаздыгүні ауылдың шаруасы саябырлап, енді тыныштық-демалыс кезіне шыққан соң, болыс Бақтығұлды "ел жұмысы" дейтін болыстың кеңсесінің керегіне де жарата бастады. Ат үсті жүріспен "Барып кел; пәленді істеп кел; пәлен сөзді апарып, бұйрықты орындатып кел" дейтін "шабаршы", "тілхаттың" жұмысына да Бақтығұл араласа бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий