Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құдай-ай! — деп дауыстап жіберді Санчика. — Құйып қойғандай шақ шалбар киген әкейімді көретін күн болар ма екен! Айтсам сенбейсіздер ғой: әкем ұзын шалбар киіп жүрсе деп құйттай кезімнен арман етуші ем!

— Аман болсаңыз көресіз әлі, — деп жұбатты оны паж. — Өтірік айтсам оңбай кетейін, әкеңіздің губернаторлығы әлі де кем дегенде екі айға созылса, істің қазіргі барысына қарағанда, бұл бұл ма, әлі оның жол-сапар бетпердесін киіп жүргеніне де куә боларымыз хақ.

Малайдың келемеш қылып тұрғаны священник пен бакалавр назарынан тыс қалған жоқ, бірақ маржанның жалған еместігі мен Тереса оларға көрсетіп те үлгерген аңшы киімі мұның сайқымазақтығымен мүлдем қабыспайтын; ал Санчиканың арманы, әсіресе Тересаның мына төмендегі сөзі оларды күлкіге қарық қылды:

— Сеньор священник! Мадридке немесе Толедоға бізден біреу-міреу бармай ма екен, рақымшылық жасап, соны біліп бере аласыз ба: өзіме дөп-дөңгелек жаңа фижма, оның ішінде де ең тәуірін және соңғы модамен жасалғанын, сатып әкелуге өтініш айтқым келеді. Шын сөзім, губернатор күйеуімнің абыройына қылау түсірмеуге хал-қадарымша тырысып бағуға тиіспін. Керек десеңіз, шын ашулансам бір күні астанаға өзім аттанам, оған қоса басқа жұрттан сорлы көрінбес үшін күймеге мініп жүрем. Күйеуіңіз — губернатор ма, ендеше — мінекейіңіз: сатып алыңыз да мініңіз күймеге!

— Әлбетте, солай, апатай! — деп саңқ ете қалды Санчика. — Құдай тек соған тезірек қолыңды жеткізсе екен, сосын шешеммен, яғни губернатор айымымен бірге күймеге мініп анда-мында барып жүргенімді көргендер іші күйіп: “Қарай гөр мынаны, пәлен-пәштуан, кір-қожалақ шұнақ қар, папесса құсап, күймеде шалжиып отыр!” дей берсін. Оқасы жоқ, олар балшықты шылп-шылп кешіп бара жатады, ал мен аяғымды суламай, күймемен зырғытып өте шығам. Дүниедегі өсекші атаулыға, қаншасы болса соншасының бәріне түгел түкіргенім бар: маған керегі жылылық пен жайлылық, аузына келгенді оттай берсін былайғы жұрт. Дұрыс па, апа, айтып тұрғаным?

— Дұрыс болғанда қандай, қызым! — деді Тереса. — Осындай қуанышқа, тіпті бұдан да зорырағына, кенелетінімізді мейірбан менің Санчом алдын-ала айтып еді өзіме, қара да тұр, қызым, мен әлі графиня да болармын: құдай берсе құлай береді деген емес пе. Мейірбан әкеңнен, — әкеңді, сондай-ақ, мәтел атаулының атасы деуге де болады, — мынадай мәтелдерді талай естігенім бар еді: баспақ берген екен, дереу бас жібін байла; губернаторлықты берсе — ал, графтықты берсе — жармас; бір тәуір затты “ала ғой” десе, ал да қалтаңа сала ғой. Бақыт пен байлықтан құралақан қалғың келсе, олар қақпаңды қаққанда тұруға ерініп бұйығып жата бер!

— Шынымен-ақ мардымсып, дандайсып кеткен кезімде жұрттың мен жайында не айтатынында шаруам қанша? — деп сөз қыстырды Санчика. — Төбетке төбетей кигізсең, иттерді ит екен демейді.

Мына әңгімені тыңдап тұрған священник былай деді:

— Пансаның шаңырағындағылар өзімен бірге бір дорба мақал ала туады ғой деймін: қай-қайсысының да кез-келген уақытта, кез-келген орайлы сәтте уытты сөзді уыстап төкпейтіні жоқ.

— Дұрыс айтасыз, — деді паж. — Сеньор губернатор Санчо да өне бойы мақалдап сөйлейді, онысын әрдайым орынды қолдана бермегенімен, тыңдаған жұрт оған қашан да тәнті болады, герцог пен герцогиня да оның бұл ғадетін барынша қолдап отырады.

— Сонымен, мархабатты мырзам, — деп сөйлеп кетті бакалавр, — Санчоның губернатор екені анық және бұл дүниеде оның зайыбына хат жазып, оған сыйлық жолдайтын герцогиня бар дегеніңізден танбай отырсыз ғой, солай ма? Алайда, бұл сыйлықтарды қолымызға ұстап көріп, хаттарды оқығанымызбен, қайткен күнде де, бәрібір, бұған сене алмай тұрмыз, біздің ойымызша, мұның бәрі жерлесіміз Дон Кихоттың ойлап тапқан бәлесі секілді: олай дейтінім, ол қай қарекетінің де сиқыршылық аясында жасалып жататынына сеніп алған адам ғой. Осы себепті, елестен жаралған елшімісіз әлде ет пен сүйектен жаралған адамбысыз — кім екеніңізге кәміл көз жеткізу үшін, шынымды айтсам, денеңізді қолыммен сипап, ұстап көргім келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий