Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот ІІ
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:361
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.
Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Бұл маған ән атаулының жауһары, ал дауысы балдай тәтті боп көрінген, тек кейін ғана, осы секілді және осыған ұқсас өлеңдердің өзімді қалай қапыда қалдырғанын білген кезімде ғана, Платон кеңес еткендей, ақындарды, соның ішінде, әсіресе, құшаққұмар ақындарды, түтіні түзу мемлекеттерден қуып тастау керек деген ойға тірелдім — өйткені, мұндай ақындар өлеңдерінің маркиз Мантуанский жайындағы, — тыңдаған жұртты тәнті қылатын, балаларды да, әйелдерді де көз жасын көлдетуге мәжбүр ететін, — өлеңдермен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ал құшаққұмар ақындардың тапқыр сөзі жаныңызды қылдай нәзік тікенек секілді тесіп өтеді, найзағай секілді күйдіреді, бірақ сыртыңыз сау күйінде қалады. Одан соң ол тағы мынадай ән айтты:
Ажал! Сол сәтті иек қағатын
Жеткізе ғой сен жылдам.
Өзіңнен тауып мен мырғам,
Ұмытайын өмір рақатын.