Дон Кихот І - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот І» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом

Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, өзім сіздерге сипаттап берген осынау солдатты, әлгі Висенте де ла Роканы, осынау көзсіз батырды, осынау сәнқойды, осынау музыкантты, осынау ақынды үйінің алаңға қарайтын терезесінен Леандра да талай көріп, оған талай көзін сүзген-ді. Әдемі киімдерінің әлекей-шүлекейі көзін қарықтырды, көшіріп жазып, кім көрінгеннің қолына ұстатып жүрген романстары есін кетірді, жұрттың бәріне жыр ғып айтып жүрген ерлік істері жайындағы дақпырт оның да құлағына жетті, — бір сөзбен айтқанда, бұл арада да шайтан араласпай іс бітпесе керек, ана жігіттің бұған қырындауға құлқы ауғанша, қыздың өзі оған ғашық боп үлгерді. Әйелдің өзі ынталы болған жағдайда сүйіспеншілік түйіндері жылдам тарқатылатыны белгілі ғой, Леандра мен Висенте де оп-оңай тіл табысып, сансыз көп ғашықтарының бірі болмаса бірі Леандраның ой-ниеті қандай екенін аңғарып үлгергенше, ол мұны іске асырып та үлгерді: жанындай жақсы көретін әкесінің үйін тастап, — шешесі жоқ-ты, — өзіне-өзі таңып жүрген өйткен-бүйткен басқа істерінің барлығынан гөрі бұл істе көбірек олжалы солдатпен бірге селомыздан қашып кетті. Бұл оқиға селомызды да, бұл жайында құлақтанған жандарды да тегіс айран-асыр қылды. Мен не істерімді білмей қалдым, Ансельмо да абдырады, әкесі қайғыға батты, туыстары ашуға мінді, тәртіп сақтаушылардан тыныштық кетті, жасауылдар жан-жаққа жүгірумен болды. Жол біткеннің бәрін шолып, орман-тоғай мен осы қалай деген жерлердің бәрін тінтіп шыққан селоластары еркетәйтік Леандраны арада үш күн өткенде үңгірдің ішінен тапты, — үстінде жалғыз көйлек қана бар екен, ал үйінен өзімен бірге әкеткен қомақты сомадағы ақша мен алтын-күміс әшекейлер үшті-күйлі жоқ боп шықты. Жұрт қызды жападан жүдеп біткен әкесіне алып келіп, бұл қасіретке қалай тап болғанын сұрастыра бастады; қыз Висенте де ла Роканың өзін алдап соққанын, үйленуге уәде беріп, үйінен алып шыққанын, жер бетіндегі ең бай, ең көңілді қалаға, анығырақ айтқанда, Неапольға алып барам деп сендіргенін, аңқаулықпен алдауға көніп қалғанын өз ықтиярымен баян етті; сөйтіп, әкесінің жиған-тергенін ұрлап алған қыз сол өзі үйінен із-түзсіз жоғалатын күні түнде Висентемен бірге кетеді, ал анау оны бір биік тауға алып келеді де, кейін жұрт барып тауып алған үңгірге қамап тастайды. Сондай-ақ, қыз солдат өзінің абыройын төкпегенін, тонап алған соң үңгірде қалдырып, өзі қашып кеткенін хабарлады, бұл жағдай жұртты тағы қайран қалдырды. Ана бұзықтың ұстамдылығына сене қою өте қиын еді, сеньор, бірақ қыздың соған табандап тұрып алғаны сонша, қайғы басқан әкесі ақыр аяғында осыған иланды, сөйтіп қызының бір жоғалса қайтып ешқашан қалпына келмейтін асыл қазынасы қоса тоналып кетпегеніне кәміл сенген ол қолды болған байлықтары жайында ойлауды да біржола ұмытты. Леандра келіп, әңгімесін айтып берген сол күні-ақ әкесі, бізге ештеңе білдірмей, өзіне-өзі жасап алған жаман аты жарым-жартылай болса да уақыт ағынына жұтылар деген оймен қызын қалалық монастырьға аттандырып жіберіпті. Леандраны танымайтын, оның қандай қыз екеніне, — жақсы қыз ба, әлде онша емес пе, — көңіл аудармайтын жұрттың алдында бұл қылығын жастығына балап, жуып-шаюға болар да еді, бірақ аңғарымпаздығы мен ақыл-парасатын жақсы білетіндер мұны аңқаулық деп емес, жеңілтектік деп, сондай-ақ әйел затының жаратылысына тән ерекшелік, яғни ойланбай іс қылушылық және ұятты білмеушілік деп бағалады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий