Дон Кихот І - Мигель де Сервантес
-
Название:Дон Кихот І
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:358
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Публикация «Дон Кихота» в двух частях состоялась в 1605 и 1615 годах. Благодаря этому произведению автор стал известен во всем мире. С момента публикации книга стала устным романом и первым в литературе современным романом
Дон Кихот І - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги
Оның есімі Доротея екенін естіген Карденьо қайтадан қатты толқып, әу бастағы күдігім расқа шықты деген қорытындыға келді; алайда бәрін дерлік бек жақсы біліп отырғанымен, бұның немен аяқталғанын білмекке ынтығып әңгімені бөлуді хош көрмеді де, бар-жоғы тек мынадай сауал тастады:
— Е, есіміңіз Доротея екен ғой, сеньора? Есімі дәл осындай тағы бір қыз барын білуші ем, оның да басындағы бақытсыздықты сіздікімен ұқсас деуге болады-ақ. Әңгімеңізді жалғай беріңіз, — реті келгенде өзіңізді қатты шошынтар әрі күйініш әкелер бір жағдайды хабарлай жатармын.
Карденьоның лебізі мен үстіндегі тоз-тозы шыққан жалба-жұлба киімі Доротеяның назарын аударып, кейін не болғанын білетін болса жасырмай айта беруін өтінді, бұған қысылмауын, тағдыр өзіне тарту еткен жалғыз ғана қасиет барын, ол — қандай қасіретке де төзімділік таныту екенін, оның үстіне, өзі көрген қиянатты одан әрі үстей түсетіндей бұл дүниеде ештеңе жоқтығына кәміл сенімді екенін мәлім етті.
— Долбарымның дұрыстығына көзім жетсе, сеньора, — деді Карденьо, —ол әңгімені міндетті түрде айтып берем, бірақ мұның әлі уақыты жеткен жоқ, сондықтан әзірше сізге қажеті аз.