Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Уай, оны қойшы. Ол өзі жұрттың бәрін алдап қу боп жүрмін деп ойлайды. Осы күні кісі алдауға көне ме? Қу боп кетті ғой. Біздің Қапай екеш Қапай да пәле боп кетіпті. Қызмет, не дегенмен, адамды үйретеді ғой... Жорғабекте тұтынған жол жоқ. Одан да мен Төрегелдіні құрмет етем: бізге қарсы болса да, өз жолында қалды. Ешкімге жағынбайды. Қызметін жақсы істейді. Ол өзі ісшіл жігіт қой; азырақ мақтаншақтығы болмаса, — деген.

Міне, Балташтың әркімдер туралы осымдай көзқарасы бар жігіт еді. Саясат дүниесінде Балташ басшы болмағанмен, басшыға таяныш болатын, табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл болғандықтан кейде шен құмарлардың соңына да еріп кететін еді. Бірақ олардың қатесіне өз көзі жеткен соң, мына жерің дұрыс емес деп, айтар еді де, айырылып кетер еді.

«Нұр Зайсан» үш өкірді.

Балташтар манағы шарбаққа сүйеніп тұрған Ақбілектің қасына келді.

— Қош, енді, жолдастар!.. Солай қылыңдар!— деп Балташ екі жолдасымен қоштасып, қолдарын нығыздай қысты.

— Қош, қош, қош — деп олар Ақбілектің қолын ұстап, асығып жерге түсті.

Барақоттың дауысы да «қош, қош, қош!» — деп дарылдап, қимай тұрған бауырлардың жүрегін лүп-лүп еткізді. Жердегілер барақоттағыларды көздерімен ішіп-жеп, күлкісі мен жылауы араласып, ауыздары ашылып, танаулары делдиіп, кейбіреудің көзіне мөлт-мөлт етіп жас та келіп тұр еді.

Барақот сорпа жалаған кәрі төбетше, суды сылп-сылп ұрып қозғала бастады. Бастар шыбындап, қалпақтар қарға болып, орамалдар көбелекше жалпылдады. «Біз де сендерді қимаймыз» дегендей, жұрт барақоттың артына қарай толқыды. Көптің жүзінде күлкі, жылау, қуаныш, аяныш аралас.

Барақот үстіндегі күйші салдаттардың сыбызғысы сыңғырлап, дабылдары дүмпілдеп, түтіктері күрсілдеп екпінді маршқа екілендіре басқаны Ақбілектің көңілін де босатқандай, тамырларын желпіндіре: солқылдатқандай болады. Ақбілек те ақ орамалын желпілдетіп қоштасады; әлде бір қымбат нәрсесі қалып бара жатқандай, әлдекімді аяп, жүрегі жылағандай болады. Ол қимасы — Камила еді.

Тым болмаса Камила байғұс бізді шығарып салуға да келе алмады-ау! «Күйеуінен, қайын аға, абысындарынан айбынады ғой, қорынады ғой. Оқымаған әйел қор ғой! Қапастағы құстай ғой!» деген ойлар келді.

— Бұ байғұстардың көзі қашан ашылар екен? Қалай жәрдем етсем екен? — деп тұрғанда, Балташ иығынан тартып:

— Өй, сен неге жылап тұрсың?— дейді.

— Жәй... әншейін... Камила байғұсты аяп... оқымаған әйелдің күні қараң ғой! — деп Ақбілек күрсінді

— Бір түрлі көңілшексің-ау! Бір күнде бола қоя ма? Бірте-бірте оқиды, көзі ашылады, теңеледі. Осы күнде-ақ теңеле бастаған жоқ па?.. Әуелде өзің қандай едің?..— деп Балташ үмітті сөздер айтады.

— Сонда да қиын ғой...— деп Ақбілек бауырының қамын жегендей, жалғыз өзінің жетілгенін азсынғандай болады. Бірақ Балташтың дәлелдеріне тоқтайды. Өйткені Балташты білмейді деп ойламайды...

Шілденің шаңқан, шағыл күні. Жасыл жағалау Ертіс. Ертіс жүзінде су сызып ақ барақот келеді. Ақ барақот үстінде Ақбілегін қолтықтап, уыз қымыздай кәусар ауаны кеудесін кере сіміріп Балташ сайран етеді. Сайранға тойса, жан-жағының бәрі айна, жарқыраған салонға кіреді. Қос бұрымы арқасына салбыраған аспан көз, жаңа өспірім ақсары қыз, қазықша қаздиып, пианиноға күңгірлетіп күй шалады. Оң бұрышта кішкене үстелді ортаға алып, ақ жаталы, қошқар тұмсық, біз тұмсық төрт саудагер. «Пас», «Бис»... деп, препаранс (карта) соғады.

Балташ пен Ақбілек жас қыздың күйін тыңдап, шытырдай ақ дастарқанды үстел басына отырып, ақ киімді матүшкеге тамақ алдырып ішеді.

Балташ үстелде жатқан жіңішке қағазды алып, тамақтың тізімін оқиды:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий