Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин
-
Название:Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:242
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».
Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги
— Учредительное собраниеге (мемлекет құрылысын шешетін жиылысқа) қарсысыз ба, жоқ па?..
Мен:
— Егерде учредительное собраниеге қалың нашар қара бұқара халықтың шын өкілдері жиналатын болса, қарсы емеспін! —дедім.
— Дінге қалай қарайсыз?
Мен:
— Мен өзім діншіл адам емеспін.
— Сіз мешітті боқтапсыз ғой?..
Мен:
— Тек қарап тұрған жансыз нәрсені боқтауға мүмкін емес қой,—дедім.
— Сіз осындағы қазақша шыққан «Тіршілік» газетіне қандай сөздер жазып тұрдыңыз?..
Мен:
— Көбінесе өлең-жыр, — дедім.
Қара сақалды мұжық әкім:
— Сіз жазушысыз ба? — деді.
Мен:
— Иә, азырақ жазушы едім, — дедім.
Ол:
— Қандай өлеңдер жаздыңыз?
Мен:
— Көбінесе тұрмыс суретінен жазған едім, — дедім.
Шонтонов:
— Өлеңдерді неге жазып тұрдыңыз?..
Мен:
— Жазатын болған соң жазып тұрдым да. Өлең, жыр жазып тұру айып емес шығар, — дедім.
Қара сақалды орыс Шонтоновқа қарап:
— Е, тұрмыс суретінен өлең жазудың немене айыбы бар?.. Жазушы болған соң жазады да! — деді.
Шонтонов:
— Сіз бірінші май күніне арнап бір пьеса жазып, осында спектакль жасатқызыпсыз ғой. Сонда ылғи большевиктерді мақтапсыз ғой! — деді.
— Пьесам бірінші май күні осы Ақмолада ойналғаны рас. Бұл пьесаның ішінде мен тек қазақтың 1916 жылғы прием уақытындағы ынсапсыз болыстарын, тілмаштарын, байларын, молдаларын ғана көрсетіп жазғамын. Одан басқа ол пьесаның ішінде бөтен сөз жоқ, — дедім.
Сонсоң Шонтонов қасындағы орыс пен қазақ жолдастарына қарап:
— Енді сіздердің сұрайтын сөздеріңіз болса, сұраңыздар,—деді.
Өзгелері үндеген жоқ. Төлебай маған қарап:
— Сіз «Тіршілік» газетіне өлең, жырлардан басқа ешнәрсе жазған жоқсыз ба? — деді.
Мен:
— Басқа, жай сөздер де жазып тұрдым, — дедім.
Төлебай қалтасынан «Тіршілік» газетінің бір нөмірін суырып алып:
— Мына нөмірдегі атаман Дутовты жамандап, «Алашорданы» жамандап жазған мына бір сөздер сіздікі емес пе?.. Мына «Шәміл» деп, ақырына қол қойған сіз емессіз бе?., — деді.
Мен:
— Менің атым Сәкен, Шәміл емес, — дедім.
Төлебай:
— Жоқ, біз білеміз, бұл сіз боласыз, бізге басқармада қызмет қылған адамдар айтты, — деді.
Мен:
— Олар қате айтқан шығар, — дедім.
Шонтонов:
— Ендеше бұл «Шәміл» деген кім? — деді.
Мен:
— Білмеймін. Газеттің ресми шығарушысы Рақымжан Дүйсенбайұлы. Оны сол біледі. Содан сұраңыздар, — дедім. Рақымжан ол кезде қырда жасырынып жүретін еді.
Тағы да Төлебай бір қағазды суырып алып:
— Ендеше сіз мынаны білесіз бе?.. — деді.
Менің Сібірдің аймақтық Совдепіне «Алаштарды» баяндап жазған қағазымды көрсетті. Қағазды маған көрсетіп:
— Мына «Алашордашыларды» жамандап жазған сіз емессіз бе?.. Мына қол сіздікі емес пе? — деді.
Машинаға басқаннан кейінгі түзеткен қолым тұрған соң бұлтара алмадым.
Мен:
— Жазсам жазған шығармын, — дедім.
«Мен мына қағазды жаздым» дегізіп, қағаздың шетіне қол қойғызды.
Төлебай және бір қағазды қалтасынан суырып алды.
— Мына қағазды танисыз ба?.. Бұл қағазды көптің атынан жазған сіз емессіз бе? — деді.
Қарасам, Ақмоланың әлгі уездік кедейлер съезінің атынан Сталинге «Алашордашылдарға» автономия берудің қате екенін айтып жазған біздің телеграмманың түпкі нұсқасы екен. Қол баспа машинасына басқаннан кейін менің бір түзеткен сөздерім бар еді. Бұдан да бұлтара алмадым...
— Бұл қағазды жазғанда, көппен бірге менің де болғаным рас, — дедім.
— Сізден басқа тағы да кім-кім болып еді? — деді.
— Білмеймін, халық көп болып еді, кімнің болып, кімнің болмағанын білмеймін, есімде жоқ, — дедім.
«Бұл қағаз жазылғанда мен кірісіп едім» дегізіп, оған да қол қойғызды.
— Сіз «Алашордаға» қарсысыз ба? — деді.
— Қарсымын,— дедім.
— Неге қарсысыз? — деді.
Мен: