Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов
-
Название:Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:233
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
История о герое Великой Отечественной войны – полковнике гвардии Бауржане Момышулы. Это роман-биография, повествующий о жизненном пути героя с рождения до наших дней. Подробно описано детство, юность, годы учения в лучшем училище Советской Армии, годы войны. Автор написал роман в форме диалога между ним и главным героем.
Правда и легенда / Ақиқат пен аңыз - Азильхан Нуршаиков / Әзілхан Нұршайықов читать онлайн бесплатно полную версию книги
— «Каховка» деген атақты әнді білесің бе? — деп маған қайтадан сұрақ қойды.
— Білемін, — дедім мен. — Heге білмейін, Ұлы Отан соғысының қарсаңында «Каховка, Каховка! Родная винтовка!» деп талай шырқаған әніміз еді ғой ол біздің.
— Ал Перекоп пен Волочаевканы есітуің бар ма?
— Бар, — дедім тағы да. — Неге естімейін, азамат соғысы кезінде Отанның оңтүстігі мен Қиыр Шығысында Қызыл Армия ерлігінің ең биікке лаулаған екі жалыны емес пе еді ол екеуі!
— Әскерде жүргенде «Дальневосточная» деген әнді айтушы ма едіңдер?
— Айтатынбыз, — дедім мен. — Оның мынадай қайырмасы әлі есімде:
Стоим на страже
Всегда, всегда,
Но если скажет
Страна труда:
— Прицелом точным
Врагу в упор!
Дальневосточная,
Даешь отпор!
— Мұның кейіннен өзгертілген нұсқасы ғой, — деді Баукең, маған басын изеп. — Бұрын бұл қайырманы біз ылғи былай деп айтушы едік:
Стоим на страже
Всегда, всегда,
Но если скажет
Страна труда:
Винтовку в руки!
В карьер!
В упор!
Товарищ Блюхер,
Даешь отпор!..