Робинзон Крузо - Даниэль Дефо
-
Название:Робинзон Крузо
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:146
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.
Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги
Жан қалауы еркіме тұсау болсын ба, қамалыма тез жетіп, сапарға қамдануға асықтым. Өзіммен бірге нан, үлкен құмыра тұщы су, құбылнама, бір бөтелке ром (ол менде әлі бар еді), жүзім салынған себет алдым да, осы азықтарымды арқалап, қайығыма аттандым; оның түбіндегі суын төгіп теңізге түсірдім де әкелгендерімді орналастырып, жаңа жүктерімді тасуға қайта кеттім. Бұл жолы үлкен қапшық күріш, бір құмыра тұщы су, арпаның ұнынан пісірген жиырма шақты күлше нан, бір бөтелке ешкінің сүті, бір бөлек ірімшік алдым. Осының бәрін арқалап қара терге малынып, әрең дегенде қайыққа жеттім. Құдайға құлшылық қылып, жолымды тілеп, сапарға аттандым. Жағаға жақын жүзіп отыруға тырысып, аралдың солтүстік-шығысының шегіне дейін келдім. Осы жерден мен енді ашық теңізге шығуым керек еді. Бұл өте үлкен тәуекел болатын. Бару керек пе, әлде жоқ па? Мен жағалаудан біршама қашықтықта аралды орай тез ағып жатқан теңіз ағысының тасқынына қарадым, алғашқы саяхатым жадыма оралып, басымды қандай қауіп-қатерге тіккенім есіме түсті де шешімімнен айни бастадым: егер мен ағыстың иіріміне түссем мені алысқа әкетіп, тіпті өз аралымды назардан жоғалтып алатынымды білдім; ал сол сәтте салқын желдің тұруы мұң-ақ екен, менің қайығым бірден суға толар еді. Бұл ойлардың мені абыржытқаны сондай, мен өз ойымнан бас тартуға дайын едім. Мен теңіздің кішкене қолтығына қайығымды тіреп, қайығымнан түсіп кемеге барсам деген ынтызар тілек пен алдымда күтіп тұрған қауіп-қатердің арасында не істерімді білмей қатты дағдардым. Басымды қаумалаған ауыр ой құшағында отырғанымда су көтерілді, енді қаласам да, қаламасам да саяхатымды бірнеше сағатқа шегеруге тура келді. Сол сәтті пайдаланып, бір биік төбеге шығып, су көтерілгендегі судың ағысын аңду керек деп ойладым, кемеден аралға осы ағыспен жетуге болады екен. Осы ойды ойлап болғаным сол еді, онша биік емес бір төбе көзіме түсті, бірақ басына шықсаң, ағыстың бағытын екі жағынан да байқауға болады екен. Көз талдырып көп қарағаным жоқ – судың төмендеген ағысы аралдың оңтүстік тұсынан шығып, көтерілген су солтүстік тұсқа ағатынын байқадым; кері ораларда аралдың солтүстік жағын бетке
ұстасам, аман-есен жетеріме көзім жетті.
Осы ойымды құптадым да, судың төмендегенін күтіп, келесі күні ертемен аттанбақ болдым. Сол күні баяғы айтылған матрос шинелін жамылып қайықта түнеп шықтым да, ертеңгісін теңізге шықтым. Ең әуелі солтүстікке бет алып, ағыстың иіріміне түскеннен кейін шығысқа бет түзеп жүздім де отырдым. Ағыс қайығымды тез іліп алды да жөнелді, бірақ алғашқы саяхатқа шыққандағы оңтүстіктің ағысындай тым тез емес еді. Ол ағыста қайықты бағдарлап бұруға да шамам келмеп еді, бұл ағыс одан бәсеңдеу екен, ескегіммен қайықты өз қалауымша бағыттап, кемеге қарай туралап жүзе жөнелдім. Екі сағатқа жетер-жетпес уақытта кемеге келіп жеттім.
Алдымнан қайғылы көрініс ашылды: кеме (түрі испандікіне келеді) екі жартастың арасына қыстырылып қалыпты. Құйық жағы мүлде қираған, діңгектерінің күл-талқаны шыққан, бірақ орта белінен жоғары, тұмсық жағы бүтін, сол қалпы. Кемеге құйрық жағынан жақын келгенде, кеме үстінде жатқан бір ит көзіме түсті. Мені көрді де – ұлыды, қыңсылады, дауыстап ем, кемеден секіріп түсті де, жүзіп жетіп келді. Итті көтеріп қайыққа отырғыздым, бейшара әбден ашығыпты: іші қабысып қалыпты, нан беріп едім, қыстыгүнгі аш қасқырдай тарпа бас салды. Алдына су қойып ем, қомағайланып ішем деп шашалып, өліп кете жаздады, – бере берсем жарылғанша іше беретін түрі бар.