Knigionline.co » Казахские книги » Робинзон Крузо

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо

Книга «Робинзон Крузо» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Главный герой – Робинзон Крузо попал на необитаемый остров, где вынужден восстанавливать свое существование, с нуля пройти путь человеческой цивилизации.
Он вынужден жить в одиночестве, что приводит к покаянию, Робинзон Крузо встает на путь Бога, окунаясь в причины беды, постигшей его. В его сердце поселилась вера, душа обрела покой, что помогает ему перенести все тягости, опасности, одиночество. Автор своего героя наделил острым умом, сильным характером, создал образ человека, являющегося примером для многих.

Робинзон Крузо - Даниэль Дефо читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір тақтаны қырық екі күн жондым дегенге естіген құлақ сенбес, оны қалай жасағанымды айтып өткенім дұрыс шығар: жуан бір ағашты таңдап алдым, себебі маған керегі әрі ұзын, әрі жалпақ тақтай. Осы ағашты балталап үш күн кестім, бөрене етіп шығару үшін екі күн бұтағын шаптым. Неше күн екені есімде жоқ, тегістеліп шыққанша, салмағы жеңілдегенше жона бердім. Бөрененің бір жағын әбден тегістеп шыққан соң, аударып екінші жағын тегістедім, ол жағын да солай жонып шығардым. Қалыңдығы үш дюм, теп-тегіс тақта болып шыққанша бұл жұмысты тоқтатқаным жоқ. Тақтаның өте қиыншылықпен істелгенін оқырман түсініп отырған болар деп ойлаймын. Табандылығым мен еңбекқорлығым, бұл істі, басқа да кезек күтіп тұрған істерді аяқтауға көмектесті. Тақтайдың жасалу тарихын толық суреттегендегі мақсатым – аз жұмысқа мол тер төгіп, көп уақыт оздырғанымды айту, әрине, жаныңда көмекшің, қолыңда құралың болса ғана бұл жұмысқа аз уақыт жұмсалушы еді. Қиындығына қарамастан, шыдамдылық пен еңбектің арқасында қолға алған ісімнің бәрін орындадым, осылай еңбектенуге мені жағдай мәжбүрледі.

Қараша мен желтоқсан айында арпа мен күрішті оруға әзірлендім. Жерімнің көлемі үлкен емес, әуелгі еккенім құрғақшылықтың салдарынан қурап шықпай қалды, бұл туралы жоғарыда айттым. Бұл жолғы еккенімнің шығымы жақсы, бітік болатын түрі бар, бірақ бұдан да құр қалатындығым байқалды, себебі жеріме шегіртке түсті, шегіртке емес-ау, төрт аяқты айуандар келіп түсті, олардан аман қалу өте қиынға соқты. Егінге зиянын тигізіп жүрген не десеңіз, біріншіден

– ешкілер, екіншіден – қоян сықылды кішкене аңдар. Күріш пен арпаның дәмін біліп алған болу керек, күні-түні қаптап, егінімнен шықпай қойды, көгеріп қылтиып келе жатқан сабақтарын жеп, таптап, егінімнің шығуына мүмкіндік бермеді.

Бұған қарсы қолданылатын жалғыз шара бар, егіннің айналасын ағашпен қоршап, аузын тас қылып бекіту және осыны істедім де. Бұл жұмыс маған оңай соққан жоқ, тағы да біраз тер төгілді, себебі хайуандар жеп кетеді деп күні-түні дамыл таппай жанталасып жүріп үш аптада әрең бітірдім. Егінге күндіз келгенін мылтықпен атып үркітемін де, түнге қарай керменің ішіне итті байлап қоямын; ол үріп жолатпайды. Енді аңдар ол арадан безіп, келмейтін болды және егінім де тез пісе бастады.

Егінім жаңа көктеп келе жатқан мезгілде төрт аяқты хайуандардан бәлеге қалсам, енді пісе бастаған кезде құстар дамыл бермеді. Бір күні егінді аралап келе жатсам, құстар қаптап, тек менің кеткенімді күткендей топтанып жүр екен. Мылтықты алдым да шүріппесін басып қалдым, сол кезде егін арасынан дүр көтеріліп бір тобы тағы ұшты, әуелі мен мұны байқамай қалдым.

Мұны көріп ызаланып, қатты қапа болдым. Егер мұнан былай да осынша құс бірнеше күн бойы егіннен шықпаса, бір түйір дән қалмасын біліп, аш қалатыным көз алдыма келді, бұған қарсы не шара қолдануды білмей біраз тоқырадым. Күні-түні қарауылдасам да егінді сақтап қалуға бел байладым. Құстардың қаншалықты зиян келтіргенін білмек болып, ең әуелі егінді араладым. Егіннің біраз бөлігін бүлдіріпті, бірақ дәні әлі пісіп жетпеген, енді қалғанын сақтап қалсам, шығын онша көп болмаған болар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий