Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шош­қаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар – ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды әр алған сайын Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді.

– Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мы­нау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақ­тығы осыдан-ақ көрініп тұр.

Сыпатталмаған енді нем қалды? Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Бәтшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Бір азуымды былтыр... жә, оны айтудың қажеті де болмас. Кімнің тісін құрт жемейді дейсің және ол былай қарағанда кө­рінбейді де.

Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді. Кімдікі рас екенін құдайым білсін. Өткен күзде мектепте дәрігер қарап өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан едім. Егер шашым болса, жүз қырық шығуы сөзсіз еді. Тақыр­ бас жүргеннің осындай залалы да бар. Жасым он екіде. Бесінші класты бітіріп отырмын.

Повестің бірінші тарауын осымен доғарамын да, келесі тарауға көшемін.

ЕКІНШІ ТАРАУДА

Қаратай жайында айтылады

Күні бойы футбол ойнап, әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне дел-сал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын. Аяққа қонған шаңды қарашы, бір елі. Шіркін-ай, осы бойда барып, күмп етіп, өзенге қойып кетер ме еді.Өзен бойына көз тіксем, қыздар шомылып жүр екен. Мейлі, шомыла берсін, оларға да салқындау керек­ қой. Ал мен әуелі тамақтанып алайын, ішім итше қың­сылап, түйені түгімен, нарды жүгімен жұтып жібере жаз­дап келе жатқам жоқ па.

Қораның бұрышын айнала бергенім сол еді – көзім есік алдындағы тажалға түсті. Жүрегім дір етіп, бойым­ды дереу жиып алғандай болдым. Тажал тапжылар емес. Ежелгі дағдысы бойынша біздің босағаны иіскеп, мел­шиіпті де қалыпты.

Тажал деп отырғаным сыры көше бастаған, жағал-жа­ғал үш дөңгелекті, көкшіл көне мотоцикл. Әр жек­сенбі сайын оның көрген күні осы, біздің қорадан шықпайды.

Мотоциклдің иесі – көрші колхоздағы комбайншы жігіт Қаратай. Жігіт деймін-ау, қайдағы жігіт. Беті әжім-әжім, сақалы тікенектей кәрі біреу.

Қаратайды мен қандай жексұрын көрсем, жағал мо­тоциклді сондай жексұрын көрем. Өйткені оны құстай ұшырып, зырылдатып, лезде алып келетін осы антұрған­ емес пе.

Бұдан бір жыл бұрын Қаратайдың әйелі дүние салған екен. Әйелі дүние салды деген сөз, өзі бойдақ қалды деген сөз. Ал өзі бойдақ қалғаннан кейін тағы да үйлен­бекші. Осы арада кімге деген сұрақ туады. Дүниеде өзге әйел құрып қалғандай Қарайтайдың есек дәме көңілі менің Миллат мамама ауатын тәрізді. Жағал мото­цикл­дің әр жексенбі сайын біздің босағаны иіскеп, қаңтары­лып тұруындағы гәп міне, осы.

Әрине, бұл мәселе жөнінде менен ақыл-кеңес сұрап жатқан ешкім жоқ. Бірақ мен Қаратайға іштей кіжіне­мін де, атаңның басы менің мамам тиер саған, деген сөз­ді айтамын.

Үйге кіре беріп, мен мотоцикл дөңгелегін теуіп жі­бердім. Кім иемденсе, соған құлшылық ететін меңіреу техника бұған не жауап қатсын. Зырқ етіп, бір тербелді де, үнсіз қала берді.

Ауыз үйде әжем күбі пісіп тұр екен. Ертеден қара кеш­ке бір тыным алмайтын бейнетқор әжем-ай. Күм­пілдетіп піскенде, қарашы, күбінің түбін түсіре жаздайды. Орамалы сырғып, желкесіне түсіп кеткен. Көпті көрген бурыл басы бусанып, тер иісі келеді. Қолымда­ғы допты тарс еткізіп, босағаға тастай бердім де, мен сол екпініммен төр үйге қарай беттедім.

Жұмысын дереу доғарды да:

– Әй, мына түріңмен қайда барасың? Онда кісі отыр, – деді әжем.

Өзі қызық кісі, кім отырғанын мен білмейді деп ойлай ма екен.

– Кісі болса қайтушы едім!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий