Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев
-
Название:Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:49
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.
Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги
Жантас оңбаған қайтер еді? Көре алмай жарылып кетер ме еді? Ол пәле қарап қалар деймісің, «бұл мен білсем, басқа Қожа Қадыров шығар» деуден де тайынбас.
Күндердің бір күнінде тәуір деген бір топ өлеңімді жотадан басып жүріп, таңдап алдым да, тәуекел деп, Алматыға, «Пионер» журналына айдадым. Менің астананы өлеңмен бомбалауым осылай басталды.
Бірақ, неге екенін білмеймін, сол өлеңдерімнің бірде-бірі жарияланбады.
– Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионерге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Жоқ, бұл әдісімнен де түк шықпады. Жіберген өлеңдерімді олар да жаратпады.
Бұған жасыған мен жоқпын, қайта ширыға түстім. Бір-екеуіне ғана жіберіп, өзгелерін құр тастасам, өкпелейтіндей-ақ, енді өлеңдерімді көп дана етіп көшіріп, өзіме аты мәлім газет-журналдарға түгел жібере бастадым (Сондағы қарау ойым: бірі баспаса, бірі басар). Әлгідей етқызу үстінде бір топ өлеңім «Үгітші блокнотына» кетіп қалған екен, соңынан редакция өлеңді қайда ұсынуды білмейтін адамнан қандай ақындық шықпақшы деп, өзімді бәлем, келемеждеп жауап жазғанда, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым.
Менің бір риза болатыным – өлең жіберген жердің қай-қайсысынан да жауап келеді. «Жалпы алғанда, ақындық қабілетің бар көрінеді. Бірақ әлі де болса көп ізденіп, көп оқып, үйренуің керек»... деген тәрізді үміт ұшқынын тастай жазған жылы жауап алсам, төбем көкке екі елі жетпей қалады. Шекесіне редакция маркасы қондырылған мұндай хаттарды балалардың бәріне мақтанып көрсетем. Білсін менің кімдермен байланысым бар екенін.
Ал кей хаттардың сөзі қаталдау да, аяусыз боп келеді. Аты мәлім ақынның бірі өткен күзде «Саған өлеңмен бас қатыруға әлі ерте сияқты. Өлеңдеріңнен өзіндік ештеңе таба алмадым», – деп жазыпты. Бұл мен үшін төбемнен тас құлағанмен тең болды. Осы секілді ұнамсыз жауап алсам, оны өзгелерге көрсетпек түгіл, мектептегі ақындық даңқыма нұқсан келтірер деп, табанда жоямын.
Ақыры редакциялардың қай-қайсынан да көңілім қалып болды. Соларға өлең жіберем деп, конверт, марка сатып алып, қанша ақшам қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір жырғамас па едім.
Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан, сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повесть жазғалы отырмын. Бәрі кітаптағыдай болу үшін оқиғаларды тарау-тарауға бөлемін де, әр тарауға ат қоямын. Өтірік ештеңе қоспаймын.
БІРІНШІ ТАРАУДА
Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады
Менің атым...Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығымды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өкембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді өзге қызу жұрт сол арада ду қостап, осы болсын баланың аты, осы болсын. Мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз дескен. Міне сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.
Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)