Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ақсақал, қаракөліңізді мен алған жоқпын, – дедім жалынышты үнмен.

– Енді кім алды?

Мына масқара оқиғадан мен өзімді дереу ақтап алуым керек болды. Шынымды айттым:

– Қасымдағы бала алыпты.

– Ол қайда? Ол кім дегеннің баласы? – деп әкірең­дейді шоқша сақал.

– Сұлтан деген бала, анда... ана жерде тұр. Шоқша сақалды ертіп, әлгінде Сұлтан екеуіміз тұрған жерге кел­дім, жоқ. Сұлтаным зым-зия зытып отырған түрі бар. – Қайда? Кәне?

Әлгінде осы арада тұрған.

Сол арада бір талай әуесқой жұрт: не болды? Не? Бұл не істеді? – деп, күресті қойып, бізге назар аудара бастады. Өлімнен ұят күшті дегендей не істерімді біл­меймін. – Сұлтан! Әй, Сұлтан! – деп, дауыстаймын. Кенет біреудің:

– Сұлтан әне. Атына мініп, зытқалы жатыр, – деген­ үні саңқ ете қалды.

Ол нұсқаған жаққа жалт бұрылып қарасам, Сұлтекең ат үстіне қонып та қалған екен.

– Сұлтан! – деп айқайлап жібердім. Бірақ ол тыңдамады, атына қамшыны бір басып, тік төмен қарай құйғытып, тартып отырды.

– Кетті! Әне кетті! – дедім шоқша сақалға.

– Қап...

Баяндалған оқиғадан кейін менің қандай халге түс­кенімді сезіп отырған боларсыңдар. Тойға мамам да ба­рып еді. Абиыр болғанда, шаршы топтың алдында жал­ғыз ұлының қандай масқараға душарланғанын ол көре қойған жоқ. Ол кезде мамам артистер ойын қойып жатқан жақта болатын. Кірмегенім қара жер, өзім өз болғалы еңсем мұндай түсіп көрмеген шығар. Той-думан жайына қалды, ұрыдай сусып келіп, атыма міндім де, Сұлтанның соңынан тартып отырдым.

Мен қазір Сұлтанды көзіме көріне қалса, жеп қойға­лы келе жатырмын. Оның опасыздық қылығына қалай ыза болмайын. Қолмен істеген нәрсесін мойнымен көтеруге жарамау ер адам үшін неткен пасықтық. Мен Сұлтанның мұншалық жаны тәтті жарғанат екенін біле қойған жоқ едім.

Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа, – деп, қазақ атам осындайдан айтқан екен ғой.

Жүрген бойда жылқылы ауылға келдім. Сұлтанның өзі тұрған ізі де жоқ. Одан өзіміздің фермаға келдім. Мұн­да да тырс еткен пенде көрінбейді. Жұрттың бәрі тойда жүр. Атымды мама ағашқа байладым да, жаппа­ға кіріп, сұлай кеттім. Ех, шіркін өмір. Неткен қызық нәрсе едің... Біресе шаттаңдырып, күлдіресің, біресе бүлдіресің. Соның бәріне адам өзі кінәлі.

Мазасыз ой тепкісінде басым қатып жатып, қалғып­ кеткен екенмін.

– Әй, шық бері! – деген қаһарлы дауыстан селк етіп, шошып ояндым. Атып шықсам, Сұлтанның әкесі Сүгір жылқышы келіп түр. Астында түйедей қызыл ат, білегінде іліп алған құрығы бар.

– Сұлтан қайда?

– Білмеймін.

– Неге білмейсің? Өй, ант атқан алаяқ немелер! Бірін-бірі тануын бұлардың.

Сүгір мені шошытып қойғысы келді ме, жоқ әлде шынымен ұрмақ болды ма, атын тебініп, қамшысын тік көтеріп, ұмтыла берді. Жалт беріп, жаппаға қайта сүңгіп кеттім. Ойнақшыған қызыл ат жаппаны омырауымен қағып, енді бір тебінсе тіпті басып, таптап өтуден тайынар емес.

Сүгір босағаны қамшымен сарт еткізіп, бір тартып қалды.

– Ерін ал да, қоя бер ана атты!

Маған берген бұйрығын Сүгір өзі орындады. Мама ағашта байлаулы тұрған аттың ерін алды да, анадай жерге тарс еткізіп тоқымын шашып, лақтырып тастады. Сонан соң аттың жүгенін сыпырды да, сауырға бірді салып, айдап жіберді. Еркіндік алып рахатқа батқан ат құйрығын желбірете тігіп, пырт-пырт жел шығарып, қуана кісінеп, ойнақтап тартып отырды. Қарына ілген құрығы жер сызып, оның соңынан алды-артына қарамастан Сүгір жосылтып жөнелді.

Жығылған үстіне жұдырық – зығырданымды қайнатқан Сұлтанның қылығына мынау қосымша болды. Қара жаяу қалды деген осы.

Мамама сыр бермейін деп, ер-тоқымды әкеп босағаға жиып қойдым.

Кешқұрым мамамдар келді. Ол әлі де ештеңе сезе қоймаса керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий