Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов
-
Название:Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең
-
Автор:
-
Жанр:
-
Язык:Казахский
-
Страниц:117
-
Рейтинг:
-
Ваша оценка:
Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.
Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги
Жеңгесі қайта кірді. «Еркем, - деп құлағына сыбырлады, жас жуған бетін қайын сіңлісінің дуылдаған өрттей ыстық бетіне басып, - ал, айналайын, Құдай бұйрығы... әзірлен. Оны қазір келіншектер әкеледі», - деді. Бұл есін жиям дегенше жеңгесі шамды сөндіріп шығып кетті. Сыртта біреулер күбірлеседі. Сосын жырқылдаған жәркелеш топ арасынан бір кісі бөлініп шығып, бұл жатқан үйге жақындап келе жатты. Жаңа жеңгесі жауып кеткен сықырлауық есік ашылды. Кенжекей қараңғыны бетке ұстап келген мына кісінің сол... соның анық өзі екенін білді де, іргеге қарай ытқып түсті. Шамасы келсе, шыға қашатын түрі бар. Бірақ оған кереге көгіне тіреліп, үстіне жамылған торғын көрпе астында бір уыс боп дір-дір етіп жатқан-ды. Сүйткенше сықырлауық есіктің жақтауын иығымен қағып-соғып о да ішке кірді. Қыз жатқан төсектің жанында тұрып ысылдап - пысылдап шешінді де, ұлықсат сұрап жатпастан көрпені серпіп тастап бұны бас салып құшақтай алды. Кенжекей қарсыласпады. Дөрекі жігіттің ыстық демі денесін өртеп барады. Едірейген тікендей мұрт күн тимеген тамағының астын қытықтады. Қыз қыбыр етпей шыдап бақты. Сонан таң атқанша шыдамсыз әупірім жігіттің құшағында тілсіз талықсып, өз ұятына өзі өртеніп шықты. Ертеңіне назарын тіктеп бір жанның бетіне қарай алмады. Онан келесі күні де беті өртеніп, үйде де, түзде де көзін төмен салып жүрді. Кешегі бұлғақтаған қыз дәуренінің ақыры осымен ақи - тақи бітіп, осыдан былай қараған бұның ендігі тірлігінде үш ұйықтаса түсіне кірмеген мүлде басқа бір өмірдің басталғанын білді. Бірақ ол не өмір? Не тірлік? Оны білген жоқ-ты. Сол түннен тек бет өртеген ұят қана есінде қапты. «Қыз дәурені құрысын. Бір көрінген қызғалдақтай қысқа екен ғой», - деді ішінен. Жол бойы осы ой басынан шықпай келе жатқанда қыз көші Хан жалына ілікті. Келіншектің түсуіне туралап, таяу арада ғана көгі тапталмаған жасыл сабатқа аударылып қонған үлкен ауылдың ақ үзікті үйлері анадайдан құжынап қоя берді. Келіншектің келе жатқан хабары жеткелі жолына қарап отырған ауылдың кәрі-жасы дүркіреп сыртқа шықты. Қызыл-жасыл киінген үкілі, сәукелелі, шолпылы қыз-келіншектер ұбап-шұбап алдынан шықты. Таяққа сүйенген кемпір-шалдар, қызықты тамашалап шапқылаған балалар. Жастар жағы ән шырқап, қалғандары улап-шулап келіп қалған шұбар ала жиынды көргенде қыз астындағы сары інген құлағын жымып ала қойды. Асау інген әлден үркектеп, танауы шуылдап, басын жетелеп келе жатқан аттылының алды-артына шығып ойқастай бастады. Кенжекейде ес қалмады. Қызыл - ала топ тақап келе бергенде кемпірлер етегіне толтырып алған құрт - ірімшікті уысын толтыра көсіп алып шаша бастады. Және бәрі жаңа түскен жас келінге шашуға тырысып, мұз кәмпит, қатқан құрт -ірімшіктер Кенжекейдің сәукеле киген басына сатырлап жауып кетті. Тастай құрттың бірнешеуі тұп-тура бетіне, маңдайына тиіп, қайсыбірі көзін шығара жаздады.
Есі шыққан Кенжекей қолына іліккен әлдебірдеңеге жабысып ұстай алды. Тас бұршақтай тасырлап жатқан тастай бірдеңелердің қайда тиіп, қайда тимей жатқанын ойлауға да шамасы болған жоқ. Ол тек үркек сары інгеннің жанары жалтылдаған көзін көрді. Оқжыландай қайқақтаған басын көрді. Сосын танауы шуылдап, Төлеудің қолынан бұйдасын жұлқып, ойқастап жүрген сары інгенді көргенде тіпті зәресі ұшып, тілі жеткенше Тәңіріге жалбарынғанын ғана біледі. Соның арғы жағы... Құрысын, сонан арғысы есінде қалмапты. Сары інгеннің бір кезде бұйдасын жұла-мұла ытқып атылғанын біледі. Сонан кейін... иә, сонан кейін әлгінде бұлар Хан жалына көтерілгенде ілгергі жақта көгалда отырған ақ үзікті ауыл, қызыл-жасыл улаған - шулаған шұбар ала жиын, қыздар, қатындар, бала-шағалар бір- бірімен араласып дүние ұйқы-тұйқы болды да кетті. Түйеден құлап бара жатқан келіншектің басындағы сәукеле бұлғаң етіп, тулаған түйенің аяғы астына түсті. Кенжекей «өлдім екен» деп ойлаған еді...
─ Сол арада өліп кеткенім дұрыс еді, - деді Кенжекей.