Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әрине, мен бұл повесті ойдан шығарып, немесе бас­қа біреу туралы жазып отырсам, онда тағы қанша жаза­рымды, оның немен тынарын да күні ілгері тұспалдап білген болар едім ғой. Менің қазіргі мүмкіндігім ондай емес. Өз басымнан кеткен оқиғаларды тізбектеп отырған хатшы тәріздімін. Бірақ сол іркес-тіркес оқиғаларды біріне-бірін қалай болса солай матап, жапсыра бергенмен ол көркем шығарма бола ма. Әрине, болмайды. Сыншылар айтатындай, оны жазушылық електен өткі­зіп өңдеуім, сұрыптауым, бір желінің бойына маржандай етіп тізе білуім қажет. Творчестволық еңбектің осы нәзік жақтары менің қолымнан келіп жатыр ма, келмей жатыр ма? Көрмей оқушымды жалықтырып жібер­ген жоқпын ба, неғұрлым ілгерілей түскен сайын сені осы жай қатты толқытып, жүрексіндіреді.

Бірақ, достарым, бейнетсіз еңбекте зейнет бола ма? Арзанның жілігі тати ма? Қиындыққа құлаш сермеу біздің салтымыз емес пе? Бастап қалған екенмін бұл еңбекті – жеті қабат терім сылынса да, аяқтап шығуға міндеттімін.

ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУДА

Біздің қарақшылық өміріміздің бірінші және ең соңғы күні сипатталады

Кеше кешке дейін күннің көз жасы тыйылмады. Біз тоғайға келе алмадық. Бүгін таңертең тұрып қарасақ,­ аспан мөлдіреп тұр.– Кеттік! – деді Сұлтан.

– Кеттік.

Тор атқа баяғыша екі ер ерттеп міндік те, жөнеп бердік.

Екеуіміз де қарулымыз. Мен Сұлтанның мүйіз сапты кездігін беліме тағып алдым. Ал Сұлтанның тақымында шиті мылтық. Құдай жолды оңғарса деп, бұл біздің аң аулап шыққан бетіміз.

Түске дейін сандалып, ештеңе де ата алмадық. Бірер жерден қоян кездесіп еді, орғып безіп бара жатқанда, адам тіпті көздеп үлгеретін емес. Әйтеуір бетке алып, тұспалдап, атқан оғымыз лағып, тимей кетті.

Ұнжырғамыз түсіп, шаршап келе жатсақ, өзен жағасында бір топ қаз жайылып жүр екен. Бұл ара ауылдан алыстау, едеуір жер. Сұлтан оқтаулы келе жатқан мылтығын кезеп:

– Мына қаздың біреуін жалпасынан түсірейін бе? – деді.

– Қой, пәлесіне қаламыз.

Сөйткенше болмады, Сұлтекең басып салды. Қаз­дың бірі жалп етіп құлап қалды. Тыпыр-тыпыр етіп, тұра алмай жатыр. Аяғын серейте қарыстырып бір ыш­қынды да, қаз өліп қалды.

– О, құдай атсын! Пәле болды ғой. Енді қайттік?

– Ешкім көрген жоқ. Күркеге апарып, пісіріп жей­міз. Қазды алып, соқтырып отырып, күркемізге келдік.

Келсек, мына қызыққа қараңыз, күркеміздің іші тағы да әптер-тәптер. Азық-түлігімізді салып, аузын буып, тығып кеткен дорбамыз пәре-пәресі шығып, жыр­тылып жатыр. Бірдеңе нанымызды жеп, картобымызды шашып кетіпті.

– Бұл, мен білсем, түлкі сұмпайының істеп жүрге­ні, – деді Сұлтан.

Қарнымыз әбден ашып кетіп еді, ас істеп ішудің қамына кірістік. Сұлтан бұрқылдатып қаздың жүнін жұла бастады. Мен шепшек теріп, от жақтым.

Қаз семіз екен. Сұлтекең теңкитіп, сирағынан ұс­тап, үйітіп отыр.

Кенет дәл беталдымыздағы талдың арасынан сумаң етіп, бір салт атты шыға келді. Сұлтан екеуіміз қазды тықпақ түгіл, қас қағып та үлгермей қалдық. Салт атты мек­теп директоры Ахметовтың әкесі Ахмет шал еді.

– Оу, балалар, бұларың не?

– Жай... мына бір қаз атып алып едік, пісіріп жейік деп­ отырмыз, – деді Сұлтан.

– Қайдан атып алдыңдар?

– Ұшып бара жатқанда атып алдық, – деп Сұлтан аспанға қарап қойды.

– Қой, сендер қаз атып алсаңдар... мынау жабайы қаздай емес, үлкен ғой тегі.

– Әдейі үлкенін таңдап аттық, – деді Сұлтан.

Шал біздің шашылып жатқан ыдыс-аяқ киім-кеше­гімізге, аузы үңірейген күркемізге, осы араны сары қо­ныс­ етіп, жайлап алған түрімізге қарап, одан бетер шү­бәлана түсті.

– Сендер өздерің осы араны жайлап алған түрлерің бар ғой?

– Бұл біздің балық аулайтын жеріміз, – дедім мен.

– Тұсаулы жирен ат көздеріңе түсті ме?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий